Жанкент қаласының қай ғасырда қаланғаны жөнінде жаңа мәліметтер белгілі болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында орналасқан Жанкент шаһарының іргесі қай ғасырда қаланғаны жөнінде жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысындағы ортағасырлық Жанкент қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары биыл да жалғасты. Зерттеушілер жаратылыстану ғылымдары әдістерін қолданып, Жанкенттің абсолюттік жасын анықтады. Бұған дейінгі деректерде көне қаланың ІХ-ХІ ғасырларда бой көтергені айтылған еді. Енді жаңа зерттеулер шаһардың іргетасы VІІ ғасырда қаланғанын көрсетті.

«Ескерткіш бүгінде төрт жерден қазылып, археологтар заманауи инновациялық құрал-жабдықтар көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Табылған жәдігерлер археологиялық зерттеулер зертханасында өңделіп, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына беріледі. Жобаның ғылыми жетекшілері - археология ғылымдарының докторы, профессор Генрих Харке, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тажекеев және тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Ирина Аржанцева», - деп мәлім етті Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен.

Зерттеу жұмыстарына Тюбинген университетінің, Ресейдің жоғары экономика мектебінің, Мәскеу мемлекеттік университетінің және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері мен 35 ғалым қатысып жатыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Атырауда Отырардан табылған құнды жәдігерлер көрмесі өткізілді.



Соңғы жаңалықтар
telegram