00:24, 22 Наурыз 2023 | GMT +5
Жанқош Тұраров жекпе-жегі жайында пікір білдірді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен бокс кешіндегі титулдық жекпе-жекте жеңіске жеткен қазақстандық спортшы Жанқош Тұраров кездесуі жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) титулдық жекпе-жекте мексикалық Алехандро Менесесті тізе бүктірді.
«Маған қолдау білдірген барлығыңызға алғыс айтамын. Сіздердің қолдауларыңыз мені жеңіске жетеледі. Соның арқасында чемпиондық атаққа қол жеткіздім. Барлығығызға үлкен алғыс. Чемпион атану - әрбір спортшының арманы. Екі жыл бұрын жекпе жекте қолымнан жарақат алдым. Үшінші раундта тағы бір жарақат болды. Болашақта бұдан да жақсы ойын көрсететініме сенемін. Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын», - деді ол жекпе-жектен кейін.
Айта кетсек, қазақстандық боксшының қарсыласы тоғызыншы раундтан кейін жарысты жалғастырудан бас тартты.