20:48, 18 Наурыз 2014 | GMT +5
Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат мектебінде сабақтар жүргізіле бастады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат мектебінде алғашқы сабақтар жүргізіле бастады.
Мектептегі алғашқы сабаққа 40 адам келді. Олардың ішінде бес жасар баладан бастап 40 жастағы азаматқа дейін бар.
Шымкентте бұл мектептің ашылуына шахматшы қыздың атасы Әбдімәлік Әшіров себеп болған. Шахмат ойынын енді үйрене бастаушыларға бір уақыттағы ойын сеансын Жансаяның өзі жүргізбек. Жансая Әбдімәлік - әлем бойынша әйелдер арасындағы ең жас гроссмейстер. «Мен алты жасымнан бастап шахмат ойнай бастадым, ойынды әкем үйретті. Дарынды балаларды табу өте маңызды, олардың чемпион болғанын қалаймын. Маған анам мен әкем жәрдем берген, олар әлі де еш көмектерін аямауда», - дейді ол. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясы ашылған болатын.