10:10, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Жанып кеткен көліктен мәйіт табылды - ШҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Зыряновск қаласында жеке сектордағы гаражда жанып кеткен машинадан мәйіт табылды, деп хабарланды ҚР ТЖМ сайтында.
«19 наурыз күні сағат 08.10-да өртеніп кеткен көлік салонынан 1975 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өртке қарсы қызмет оқиға орнына шақырылған жоқ», - делінген хабарламада.