Жанжал шығарған шымкенттік ұшақты мәжбүрлеп қондырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анталия-Шымкент бағытындағы №477 рейс Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды. Бұл жайлы Лада.кз хабарлайды.

Ұшақтың қонуына Шымкент қаласының Х.есімді 1981 жылғы азаматының ақылға қонымсыз әрекеті себеп болған.  Жолаушы рейстен түсіріліп, желілік полиция бөлімшесі қызметкерлеріне тапсырылды. Сараптама қорытындысы оның мас болғандығын анықтады. Жанжал шығарушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабында көзделген «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Араққа тойған шымкенттік азамат пен жанында отырған жолаушы екеуінің арасында жанжал туындаған.  Х. есімді азамат өзін дөрекі ұстап, борттағы жолсеріктерге де бағынбай қойған. Әуе кемесінің командирі ұшақты Ақтау әуежайына тоқтатуға шешім қабылдады. Ақтау әкімшілік соты азамат Х-ны қамауға алу туралы қаулы шығарды. Қазіргі уақытта ол уақытша оқшаулар орталығына қамалды», - деді Ақтау ішкі істер басқармасы желілік полиция бөлімшесінің басшысы Серікқали Құжиев.  

Соңғы жаңалықтар
telegram