Жапондық алып устрица Швеция жағалауына жайылып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Соңғы жиырма жыл ішінде өзінің өткір қабығымен танымал жапондық алып устрица (Magallana gigas) Швецияның батыс жағалауындағы ең кең таралған моллюскілердің біріне айналды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Бүгінде бұл устрица Бохусленнен бастап Скания жағалауына дейінгі аумақта кездеседі және кейбір жерлерде тығыз шоғырлар құрап үлгерген. Оның өткір қабығы шомылып жүрген адамдардың аяқтарын жаралап, күйдіріп жібергендей әсер қалдырады.
Гётеборг университетінің теңіз экологиясы профессоры Мац Линдегарттың айтуынша, Еуропаға әкелінген бұл устрица, ең ықтимал болжам бойынша, теңіз ағындары арқылы таралып, жаңа аймақтарды таңғаларлық жылдамдықпен басып алып жатыр. Ғалымдар бұл түр Балтық теңізіне де еніп кетуі мүмкін деп алаңдаулы, дегенмен әзірге ондай жағдай тіркелмеген.
Мамандар бөгде түрлердің пайда болуы экожүйеге күтпеген әсерлер тудырып, жергілікті ағзаларды ығыстырып шығарып, түрлі аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін екенін ескертіп келеді.
Осыдан бұрын хабарланғандай, Швецияда тас күзенін жою операциясы басталды.