Жапондық Nippon Maru круиздік кемесі 35 жылдық саяхаттан кейін қызметін аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM — Жапондық Nippon Maru круиздік кемесі Тынық мұхитындағы соңғы сапарын 35 жылдан кейін аяқтап, Йокогама портына оралды, деп хабарлайды Kyodo.
Кеме осы уақытқа дейін шамамен 600 000 жолаушыны тасымалдап, 2000-нан астам круизді орындады.
Меншік иесі — Mitsui O.S.K. Lines, кеме 35 жыл бойы жапон круиздік индустриясының символы болып саналды және елдегі алғашқы сәнді круиздік кемелердің бірі болды. 1990 жылы пайдалануға берілгеннен бері Nippon Maru 5,3 миллион шақырымнан астам жол жүрді, бұл шамамен дүниежүзін 133 рет айналып өткенмен тең.
167 метрлік кемеде 190 кабина және музыканттар мен әртістер үнемі өнер көрсететін концерт залы бар. Кеме 2010 және 2020 жылдары жаңартылды. Оның ықшам өлшемі кішкентай порттарға тоқтауға мүмкіндік берді.
Nippon Maru пайдаланудан шығарылғанына қарамастан, Mitsui O.S.K. Lines Жапонияда теңіз саяхатына деген қызығушылықтың артатынын болжап, круиз желісін кеңейтуді көздеп отыр.
Бұған дейін Испания хантавирус анықталған круиздік кемемен жұмыс істеу хаттамасын бекітті.