Жапондықтар Кельн соборына ерекше сый жасап, студенттердің қылығына кешірім сұрады

АСТАНА. KAZINFORM — Германиядағы әйгілі Кельн соборына биіктігі үш метр, салмағы 700 келі болатын жаңа гаргулья орнатылды. Ерекше мүсін Жапония тарапынан сый ретінде жасалды, деп жазды DW.

Жапондықтар Кельн соборына гаргулья сыйлап, студенттердің қылығына кешірім сұрады
Фото: t.me/dwglavnoe

Құрылысқа шамамен екі жыл уақыт кеткен.

Құмтастан ойылған гротесктік бейнелі су ағызғышты 20 метр биіктікке орналастыру рәсімі 4 қыркүйекте өтті. Салтанатты шараға Иокогамадан Канагав университетінің делегациясы келді. Олар гаргулья жасауға 10 мың еуро көлемінде қаражатты қайырымдылық ретінде аударды. Бұл — 2016 жылы жапон студенттерінің орынсыз әрекеті үшін ресми кешірім білдірудің белгісі.

Сол жылы аталған университеттің екі студенті Оңтүстік мұнарадағы көрініс алаңына көтерілгенде қабырғаға аттары мен күнін жазып кеткен. Бұл жайт Жапонияда әдепсіз әрекет ретінде қабылданды.

Оқиғаға жапондық БАҚ назар аударғаннан кейін университет өкілдері бірден кешірім сұрап, Кельнге арнайы делегация жіберген болатын.

Осылайша, сегіз жыл өткен соң жапон студенттерінің қылығы тарихи ғимаратты жаңа мүсінмен толықтыруға себеп болды.

Айта кетейік, Жапонияда жас жігіт сыныптасының 83 жастағы әжесіне үйленбек.

Соңғы жаңалықтар