17:03, 21 Тамыз 2016 | GMT +5
Жапондық аквапаркте белгісіз біреу 8 қызды пышақтап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Токионың шет жағындағы жапондық Tokyo Summerland аквапаркінде белгісіз біреу кем дегенде сегіз адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды Утро.ру.

Барлық жапа шеккендер 19 бен 21 жас аралығындағы қыздар.
Қазіргі уақытта олар ауруханаға жатқызылды. Аквапаркке келгендерге кімнің шабуыл жасағаны әзірше белгісіз болып отыр.
Қолда бар ақпаратқа қарағанда, арам ойлы суға түсіп жүргендерге білдіртпей келіп, жаралаған. Қазіргі уақытта оқыс оқиға болған жерде құқыққорғау органдары бұл келеңсіз жайтты тексеріп жатыр.
Елдегі ірі аквапарктердің бірі болып саналатын Tokyo Summerland 1970 жылы ашылған. Күн сайын мұнда жүздеген адамдар келеді, ал демалыс күндері олардың саны едәуір артады.