Жапондық азамат екі қауынды рекордтық 27,2 мың долларға сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониялық Хоккайдо аралында - 2016 жылғы бірінші өнімнің «юбари» сұрыпының екі қауыны рекордтық 3 миллион иенге(27,23 мың АҚШ доллары) сатылды, деп жазады РИА Новости.
None
None

Jiji агенттігінің мәліметтерінше, бұл дәмі ерекше тәтті жұмсақ-сарғылт түсті сұрыптың ең қымбат қауындары Жапонияның негізгі аралы Хонсюдің оңтүстік-батысындағы Амагасаки қаласындағы супермаркеттен сатып алынған. Сатып алушының айтуынша, ол «юбари» қауындарын әуелі дүкен сөресіне қойып, одан кейін ғаламтор бәссаудасына шығармақ.

Хоккайдода бұған дейінгі рекорд 2008 жылы орнатылған. Онда қауындар 2,5 миллион еуроға (шамамен 22,7 мың доллар) сатылған болатын.

Бұл қауындар тамаша сыйлық болып саналады. «Юбаридің» өнімін мамырдан қыркүйектің басына дейін жинайды. Жылына орташа алғанда бұл сұрыптың 4,3 мыңға жуық тоннасы жиналады.

Соңғы жаңалықтар