Жапондық инженер дәрістерде ұйықтап қалатын студенттерге арнайы көзілдірік ойлап тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Цукуба университетінде жапондық инженер Хиротака Осава дәрістерде ұйықтап қалатын студенттерге арнайы көзілдірік ойлап тапты, деп жазады росбалт.
None
None

AgencyGlass деп аталатын құрылғы камерамен және OLED дисплеймен жарақталған, адам көзін жұмып тұрғанның өзінде дисплей анимациялық көздерді салып тұрады.

Адам басын изеген кезде көздер бір рет жыпылықтайды, ал басты шайқаса, бірнеше рет жұмып ашады. Егер басыңыз шалқайып немесе еңкейіп кетсе, еш қиындық жоқ, ол «көздер» әңгімелеуші адамға қарап тұратын болады.

AgencyGlass «көздері» тіпті ары-бері жүріп, дәріс оқып отырған адамның қозғалысын бағып отырады.

Дегенмен, Хиротака Осава өзінің жаңалығына үлкен мән бермейді, себебі бұл оның көптеген қызықты эксперименттерінің бірі ғана деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар