Жапондық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің «костюмін» киіп шықты

Өткен жылы Денистің шоуы үшін Қазақстанға Жапониядан 200 туристің келуге дайын екені хабарланған еді. Ал Мисаки Эбина әзірлеген Денис Теннің бейнесі бар бір жарым метрлік панно Жапонияның мұражайына қойылды. Жапония премьер-миинстрі Синдзо Абэ Денисті Жапония мен Қазақстан арасындағы достықтың символы деп атады. Сонымен қатар, Денис Тен аниме фильмдердің кейіпкері болып үлгерді. Ал жақында жапондық мәнерлеп сырғанаушы және Денистің өнеріне табынушы 22 жастағы Юуха Кавамура (Yuhka Kawamura) мұз айдынына Денис Теннің костюмінің көшірмесін киіп шықты.
Кавамура қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының құрметіне өз қонжығын "Денис Тед" деп атаған және оны Дениспен бірдей етіп киіндіріп, кеудесіне Қазақстанның туын тігіп қойған.
Сондай-ақ Кавамураның сәттілік әкелетін бойтұмарында Жапонияның емес, Қазақстанның туы тұр.
Өзін «кәріс ұлтынан шыққан қазақпын» деп атаған Денис Тен өзге мемлекеттерде Қазақстанды жақсы қырынан танытып келеді, оған жанкүйерлердің ыстық ықыласы куә. Спортшыға зор денсаулық және толағай табыстар тілейміз.
#denisten #tenisden
I have a test of figure skate this weekend!