Жапондық саяхатшы Шымкентте сыйға алған велосипедпен әлемді аралауды жалғастырмақ (ВИДЕО)

Еске салсақ, Фуми Шымкентте 10 күн болды. Өзбекстан бағыты бойынша бара жатқан. ШЫҰ саммитіне қатысты шекара жабық болған соң, Шымкентте қалуға тура келген. Алайда ол құр қол қайтпады. Оны велоқауымдастығы жылы қабылдады.
Оның айтуынша, велосипедпен саяхатқа шығуды бір жыл бұрын бастаған. Ол осы уақыт ішінде Австралия, Камобджа, Индонезия, Сингапур, Алматы, Астана және Таразда болған.
«Әлемді ескі велосипедпен аралап шыққан саяхатшыға жаңа достары жаңа байк сыйлады. Фуми сыйлықты қуана қабылдады. Фейсбук желісіне Захар Агафонов жариялаған видеодан жас жігіттің бұған сене алмай тұрғанын байқауға болады», - деп жазды Otyrar.
Фуми шымкенттіктердің мұндай көмегі, қолдауы күтпеген жағдай болғанын айтты. Оны күтіп алып, қонақүйге орналастырып, велосипедін оңдап, қаланы аралатып, оған арнап дастарқан жайылды.
Ол Шымкенттен Өзбекстанға, одан әрі Түркіменстан, Иран, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Грекияға бармақ.