Жапондықтар 2020 жылғы Олимпиада ойындарының ашылуында жасанды метеорит жаңбырын жаудырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылы Токио қаласындағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өзгеше болуы мүмкін. Жапондық ALE Co компаниясы жасанды метеорит жаңбыр жаудыруды ұсынып отыр.

Жапондықтар 2020 жылғы Олимпиада ойындарының ашылуында жасанды метеорит жаңбырын жаудырады

Токио аспанында жүздеген түрлі-түсті құлап жатқан жұлдыздар пайда болады. Sky Canvas жобасы метеорит жаңбырын құру технологиясын плазма атылуының көмегімен жасап жатыр.

Жобаның басшылары түрлі- түсті «құлап жатқан жұлдыздарды» алу үшін Жер орбитасына сан түрлі материалдардан жасалған мыңдаған «дөңгелектері» бар шағын спутникті ұшыруды ұсынды.

Жер бетінен 60-80 шақырым биіктікте бөлшектер өртене бастайды. Соның әсерінен аспан бірнеше секундта метеорлар алауына боялады. Бұл бөлшектер метеорлардан жылдамдығы баяу болғандықтан, жұлдызды жаңбыр ұзаққа созылады.

ALE-нің бағалауынша, шоуды Токио және оның маңындағы 30 000 000 адам тамашалай алады.