Жапония 1 наурыздан бастап туристерге қойылған талаптарды алып тастайды

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония 1 наурыздан бастап туристер мен Қытайдан келгендерге қойылған коронавирус талаптарын алып тастамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS-ке сілтеме жасап.
None
Фото:english.kyodonews.net

Алайда Жапонияның министрлер кабинетінің бас хатшысы Хирокадзу Мацуноның айтуынша, тиісті мамандар әуежайларында кездейсоқ таңдау арқылы Қытайдан келген саяхатшыларды тексеріп, олардан 72 сағат ішінде жасалған COVID-19 тест сынағын сұрай алады.

Еске салсақ, өткен жылы желтоқсан айында Бейжің COVID-19-ға қатысты қатаң нөлдік саясатын жұмсартқаннан кейін Қытайда коронавирустың жаңа штамын жұқтыру жағдайы күрт өсті. Осыған орай Жапония Қытайдан келетін туристтерге қойылатын талаптарды қатаңдатты.

Жалпы Жапония туристер үшін карантин талаптарын айтарлықтай жеңілдетті.



Соңғы жаңалықтар