Жапония АҚШ-тан болат пен алюминий тарифтерінен босатуды сұрады
АСТАНА. KAZINFORM – Сәрсенбі күні Жапония АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген болат пен алюминийге жаңа 25 пайыздық баж салығынан босатуды сұрады, деп хабарлайды Kyodo News.

Министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсимаса Хаясидің мәлімдеуінше, үкімет бұл өтінімді Жапонияның АҚШ-тағы елшілігі арқылы ресми түрде жіберді.
Ақ үйдің хабарлауынша, жаңа тарифтер 12 наурызда күшіне енуі тиіс, деп жазды агенттік.
2018 жылы, өзінің бірінші мерзімі кезінде Трамп болатқа 25 пайыздық және алюминийге 10 пайыздық баж салығын енгізген еді. Алайда Байден әкімшілігі кезінде АҚШ-тың бірнеше сауда серіктесі, соның ішінде Жапония, бажсыз кіргізуге квоталар алды. Жапония үшін ол 2022 жылдың сәуірінен бастап жылына 1,25 млн тонна болып белгіленді. Осы көлемнен асатын барлық жеткізілімдерге баж салығы салынды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы АҚШ-қа жапон болат экспорты 302,6 млрд иена (2 млрд доллар) болды, бұл АҚШ-қа экспорттың жалпы көлемінің 1,4 пайызына тең. Алюминий және басқа да ілеспе өнімдер экспорты 26,4 млрд иена болды.
Бұған дейін Трамп Трамп алюминий мен болат импортына 25% баж салығын енгізді.
Өз кезегінде, Еурокомиссия президенті АҚШ тарифтеріне қарсы шаралар туралы айтты.