Жапония аспанынан жарқыраған жасыл шар көрінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның шығысында жапондық телеарна камерасының объективіне жасыл түсті беймәлім ұшатын нысан түсіп қалды.
Жарқыраған жасыл шар аспанда көлденеңінен қозғалған.
Астрономдардың болжамынша, жұмбақ нысан метеорит болуы мүмкін, деп жазады The Telegraph.
Алайда бұл әзірге расталған жоқ.