Жапония бағаның өсуіне байланысты күрішті Оңтүстік Кореядан сатып алады
АСТАНА.KAZINFORM - Оңтүстік Кореяның ауыл шаруашылығы кооперативтерімен байланысы бар жапондық компания Оңтүстік Кореядан Жапонияға күріш импорттай бастағанын хабарлады, деп жазады NHK World-Japan.

26 жыл бұрын құрылған компания наурыз айында алғаш рет екі тонна күріш импорттағанын және тағы 20 тонна күріш импорттауды жоспарлап отырғанын айтты.
Компанияның веб-сайтындағы 4 келі күріштің бір қапшығы тұтыну салығы мен жөнелтуді қосқанда шамамен 29 доллар тұрады. Компания наурыз айында импортталған барлық күріштің сатылып кеткенін және Жапониядағы сұранысқа қарай келесі қадамдарын анықтайтынын айтты.
- Оңтүстік Кореяның Жапонияға күріш экспорты статистика жүргізіле бастаған 1990 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Жапонияның орталық банкі соңғы 17 жылда мөлшерлемені ең жоғары деңгейге көтергені хабарланған.