Жапония былтырғы парламент сайлауын конституцияға қайшы деп жариялады
АСТАНА. KAZINFORM — Жапония Жоғарғы соты 2025 жылдың шілдесінде өткен парламенттің жоғарғы палатасы сайлауын Конституцияда бекітілген сайлаушылар дауысының теңдігі қағидатына қайшы жағдайда өтті деп таныды. Бұл туралы Kyodo хабарлады.
Сайлау округтеріндегі халық санының айырмашылығына байланысты дауыс салмағы айтарлықтай ерекшеленді. Мысалы, халқы тығыз орналасқан Канагава префектурасында 1 дауыстың салмағы тұрғындары аз Фукуи префектурасына қарағанда 3,13 есе аз болды.
Өз шешімінде Жоғарғы сот парламенттің дауыстар салмағындағы айырмашылықты азайту жөніндегі күш-жігерінің іс жүзінде тоқтап қалғанын айта келе, 3,13 есе айырмашылықты елемеуге болмайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар сот сайлау нәтижелерін жою туралы өтініштерді қабылдамады.
Жоғарғы сот аталған шешімді шығарар алдында төменгі инстанциядағы соттар 16 талап арызды қараған. 11 істе сот дауыстар салмағының әркелкі болуы конституцияға қайшы деп тапса, бес сот сайлау конституцияға сай өтті деген тоқтамға келген.
Жапониядағы сайлаулар бұрын да 2013 және 2010 жылдары конституцияға қайшы деп танылған болатын. Сол кезде дауыс салмағының айырмашылығы сәйкесінше 4,77 және 5 есеге жеткен.
Еске сала кетейік, өткен аптада АҚШ Конгресіне аралық сайлау өтіп, демократтар жеңіске жеткен болатын.
Ал өткен айда Израильде парламент сайлауының нәтижесі шықты.
Сондай-ақ Жаңа Зеландияда өткен парламенттік сайлаудан кейін елдің жаңа үкіметі қандай саяси күштерден жасақталатыны әзірге белгісіз қалып отыр.