Жапония КХДР баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады

Жапония КХДР баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады
Фото: NHK

АСТАНА. KAZINFORM – КХДР алдын ала болжам бойынша баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Жапонияның жағалау күзеті хабарлады, деп жазады ТАСС.

Жапон үкіметі ұшыруға қатысты мәліметтерді анықтап жатыр.

Ведомствоның мәліметі бойынша, зымыран жеті минут бойы ұшқан. NHK телеарнасының хабарлауынша, ол Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс жерге құлады.

Соңғы рет КХДР баллистикалық зымыранды 2 сәуірде ұшырды. Ол кезде Кореяның Орталық ақпарат агенттігі «гиперсоникалық сырғанау оқтұмсығы» бар жаңа орта қашықтықтағы Хвасонгпо-16В зымыранының сәтті сынақтан өткені туралы хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар