Жапония МАГАТЭ-ден Фукусима атом электр станциясындағы суды теңізге жіберуге рұқсат алды
АСТАНА.ҚазАқпарат – «Фукусима» атом электр станциясынан тазартылған суды мұхитқа шығару адамдар мен қоршаған ортаға болмашы радиологиялық әсер етеді. Бұл туралы ұйымның баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Жапония МАГАТЭ-ден «Фукусима» атом электр станциясындағы реактордың зақымдалған энергия блоктарын салқындату үшін пайдаланылған суды төгуге рұқсат алды.
«Тазартылған суды мұхитқа ағызу адамдарға және қоршаған ортаға елеусіз радиологиялық әсер етеді», - делінген ұйым баяндамасында.
2021 жылдың сәуірінде жапон билігі «Фукусима-1» суын арнайы өңдеуден кейін мұхитқа біртіндеп жіберу жоспарын жариялады. 2021 жылы МАГАТЭ бұл жоспарларды қауіпсіздік мақсатында сынақтан өткізуге келісті.
Токионың шешімі көрші елдердің, соның ішінде Қытайдың, әсіресе балық өнеркәсібімен айналысушылардың наразылығын тудырды, олар тұтынушылар бұл аймақта ауланған кез-келген теңіз өнімдерінен бас тартуы мүмкін деп қауіптенді.
Кейбір ғалымдар мұндай қадамның ұзақ мерзімді салдары анық емес, сондықтан суды ағызуды кейінге қалдыру керек деп санайды.