Жапония өмір сүру ұзақтығы бойынша әлемде бірінші орында келеді

Жапондық ерлер Швейцариямен бірге 8-орынға жайғасты. Жапония 20 жылдан аса уақыт бойы бірінші орында келеді. Ол жақтың ерлері темекіні көп шеккесін өзге елдер олардың алдын орағытып кететін шығар деп күтілген болатын. Бүкіл әлемдегі ерте өлімнің себебі - жүректің ишемиялық ауруы, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары және инсульт. Қазіргі уақытта Жапониядағы өмір сүру ұзақтығы әйелдер үшін - 87 жас, ерлер үшін - 80. Ерлер арасындағы ең жоғары орташа өмір сүру жасы Исландияда тіркелген - 81,2 жас. Одан кейінгі орында - Швейцария мен Австралия, сәйкесінше 80,7 және 80,5. Жапонияның алдында сонымен бірге, Израиль, Сингапур, Жаңа Зеландия мен Италия орналасқан. Жалпы, әлемдік орташа өмір сүру ұзақтығы ерлер үшін 68,1 жасты және әйелдер үшін 72,7 жасты құрайды. Африка елдерінде Сазараның оңтүстігіне қарай, Орталық Африка Республикасы мен Конго Демократиялыұ Республикасындағы жағдай мүлде басқаша. Ол елдерде ерлер мен әйелдер арасындағы орташа өмір сүру жасы бұрынғыша 55-тен төмен.