Жапония Үкіметі Қазақстанда бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға гранттар бөлді

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанада Жапония Үкіметінің Мұқтаж жандарға арналған бағдарламасы аясында гранттар алған қазақстандық ұйымдар өкілдері мен Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сигэо Нацуи арасында келісімшарттарға қол қою рәсімі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. С.Нацуидің атап көрсеткеніндей, аталмыш бағдарлама қарапайым адамдар өмірінің деңгейін жақсартуға бағытталған және қаржы көздері негізінен үкіметтік емес ұйымдар, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да коммерциялық емес құрылымдардың мұқтаждықтарына беріледі. 1997 жылдан бері Қазақстанда жалпы құны 3 миллион 83 мың АҚШ доллары болатын 40 жоба қаржыландырылды. Үстіміздегі жылы қаржыландыру көзделген алты жобаға Жапония Үкіметі 636 612 АҚШ долларын бөліп отыр. Олар - Ақтөбе қаласында кемтар жандарға арналған арбаларды жөндеп, жасап шығаратын цехты қалпына келтіруге (бөлінген қаржының сомасы 84 411 АҚШ доллары), Петропавл қаласындағы №1-ші қалалық ауруханаға медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға (59 428 доллар), Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты алты ауылға медициналық жедел-жәрдем көрсету көліктерін сатып алуға (82 000 доллар), Теміртау қаласының аз қамтамасыз етілген тұрғындары мен қорғаныш тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету орталығының құрылысына (63 993 доллар), Қарағанды облысы Новодолинск ауылындағы №11-ші орта мектебіне пластикалық терезелерді орнатуға (85 780 доллар) және Семей қаласындағы 10 ауыл кентінің ауыз су жүйесін жақсартуға (85 000 доллар) берілді.
Соңғы жаңалықтар