Жапония жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның шығыс жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Токио қаласының орталығында да сезілген, деп хабарлайды Синьхуа.
Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 19:39–да тіркелген. Оның ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Мияги, Фукусима және Ибараки префектураларының кейбір аудандарында жерасты дүмпулерінің қарқыны Жапонияның 7 балдық сейсмикалық шкаласы бойынша үш балға жеткен.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы әзірге ақпарат жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Жапонияның Миэ префектурасының оңтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды.