Жапония жойқын зілзалаға байланысты гуманитарлық көмек көрсету туралы ұсынысы үшін Қазақстан басшылығына және халқына алғыс білдіреді-Жапония Премьер-Министрі Кан Наото

«Жоғары Мәртебелі Президент мырза,
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызға байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз.
Еліңіз Сіздің басшылығыңызбен әрі қарай дами түседі және орталықазиялық аймақтың тұрақтылығына және гүлденуіне үлкен үлес қосады, деген үміттемін.
Жапонияның шығысында болған зұлмат зілзалаға байланысты шын жүректен білдірген көңіл айтуларыңыз үшін және Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмек көрсету туралы ұсынысы үшін алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз.
Жапония мен Қазақстанның арасында тату-тәтті және достық қарым-қатынас орнатылған. Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды нығайту және кеңейту үшін Сізбенен әрі қарай ынтымақтасуға ниеттімін», - делінген жеделхатта.