Жапонияда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні таңертең Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 5,9 балдық жер сілкінісі болды, салдарынан үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

Жапонияның метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі таңертеңгі сағат 2:46-да болған, жапон сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 7-ден 5 жоғары балдық көрсеткіш Хашикамиде, Аомори префектурасында тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Тынық мұхитындағы Иватэ префектурасында шамамен 56 шақырым тереңдікте орналасқан.

Метеорологиялық агенттік апта ішінде сейсмикалық қарқындылығы 5-тен жоғары қосымша жер сілкіністерінің болуы мүмкін екенін ескертіп, алдағы бірнеше күнде ең үлкен қауіп болатынын атап өтті.