Жапонияда 6,4 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Цунами қаупі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazinform Kyodo News ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Жапонияның оңтүстік-батысында магнитудасы 6,4 балдық жер сілкінісі болды. Метеорологиялық басқарманың хабарлауынша, Миядзаки мен Коти префектураларында цунами қаупі туралы ескерту жарияланды.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 21:19-да болды. Басқарма мәліметінше, ол Миядзаки префектурасының бір бөлігінде Жапонияның 7 балдық сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 5-тен төмен деңгейде тіркелді.
Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында Исикава префектурасында магнитудасы 7,6 болатын күшті жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар саны 220 адамнан асты.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың қаңтарында Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 232-ге жетті.