Жапонияда 67 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияда 67 көліктің қатысуымен болған ірі жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform BELTA агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияда 67 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды
Фото: Atsushi TAKETAZU / The Yomiuri Shimbun

Жапониялық Jiji Press агенттігінің хабарлауынша, апат Гунма префектурасында жергілікті уақыт бойынша 19:30-да болған. Апат салдарынан екі әйел – жолаушы мен жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмып, 26 адам жарақат алды. 

Бұрылыста алдымен екі жүк көлігі соқтығысып, қозғалысты жауып тастаған. Содан кейін оларға басқа көліктер соғылып, ұзындығы шамамен 300 метрлік көлік тізбегін құраған. Көліктердің бірінен өрт шығып, 20 көлік жанып кеткен. 

Бұған дейін Нидерландта автокөлік жүргізушісі көлігімен рождестволық шеру көрермендерін қағып кеткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар