Жапонияда «болашақ қаласы» салынды

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Toyota компаниясы Фудзи тауының етегінде «болашақ қаласын» (Woven City) тұрғызды, деп хабарлайды компанияның сайты. 

Жапонияда «болашақ қаласы» салынды
Фото: global.toyota/en

Қалашықта тұратын отбасылардың саны 300-ге жетті, олар компания мен оның серіктестері шығарған барлық құрылғыларды сынақтан өткізеді.

Қала толығымен жасанды интеллектпен басқарылады: ол жер асты жолдары арқылы азық-түлік жеткізеді, электр қуатын реттейді және көлікті басқарады.

Woven City тұрғындары екі топқа бөлінеді: біріншісі – «өнертапқыштар». Олар жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеумен және сынақтан өткізумен айналысады. Екінші топ, яғни «тоқымашылар» қалашықта жай ғана тұрып, осы оқиғалармен танысып, «өнертапқыштарға» өз ұсыныстарын береді.

Еске сала кетейік, Жапонияда жаңа партияның жетекшісі жасанды интеллект болады. 

Соңғы жаңалықтар