Жапонияда қатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда сенбі күні 6.0 балдық жер сілкінісі тіркеліп, цунами қаупі жарияланды, деп хабарлайды ТАСС.

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды

Елдің ұлттық метеорологиялық басқармасы таратқан хабарламаға қарағанда, жер сілкінісі ел астанасы  Токиоға жақын орналасқан Тиба префектурасында болған. Өңірде цунами болуы мүмкін екендігі ескертілді.