Жапонияда қонақүйден басы жоқ мәйіт табылды

САППОРО. ҚазАқпарат - Жапонияның Хоккайдо аралындағы Саппоро қаласындағы қонақүйден ер адамның басы жоқ денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жапонияның Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: Kyodo

Жергілікті полицейлер жәбірленушінің бөлмесіне кірген ер адамды іздеп жатыр.

Жәбірленушінің киімдері де жоқ болып шықты. Полицейлердің пайымдауынша, қылмыскер мәйітті танымас үшін басын, киімін алып кеткен.

Жексенбі күні табылған мәйіттің кім екені белгісіз.

Қонақүй камераларына номерге 1 шілде, сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:50 шамасында екі адамның кіргені түсіп қалған. Ал жексенбі күні түнгі сағат 2-де бөлмеден бір адам ғана чемоданмен шыққан.

Қонақүй бөлмесінен шыққан адамның бойы кішкентай, үстінде кең жиекті қалпақ, әйел киімін киген.

Сараптама қорытындысы бойынша, жәбірленушінің өліміне геморрагиялық шок себеп болған, қайтыс болғаннан кейін оның басы кесілген. Полиция ер адам ванна бөлмесінде өлтірілді деп күдіктенеді.


Соңғы жаңалықтар