Жапонияда студияны өртеген адам өлім жазасына кесілді

АСТАНА. КАZINFORM - Жапонияда сот 2019 жылы Киото Animation студиясын өртеп жіберген Синдзи Аобаны өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Kyodo News

сот
Фото: Freepik

Өрт салдарынан 36 адам қаза тапты.

Бұған дейін 45 жастағы Аоба 2019 жылғы 18 шілдеде Киотодағы анимациялық студияны өртегенін мойындаған. Жапон тарихында ең қырғын оқиғалардың біріне айналған өрттен қаза тапқандардан басқа тағы 32 қызметкер зардап шекті.

Аоба оны қылмысқа Kyoto Animation оның романын көшіріп алды деп ойлағандықтан барғанын айтты.

Судья Аобаның шынымен де сандырақтан зардап шеккенін мойындады, бірақ бұл оның мінез-құлқына аз әсер еткенін және сотталушының сол кезде «есі дұрыс емес немесе әрекетке қабілетсіз болмағанын» қосып өтті.

Сот 36 адамның өліміне жауапкершілікті «өте ауыр» деп тапты.

Аоба алғаш рет 6 желтоқсанда өткен сот процесінде кешірім сұрады. Сот үкімі шыққанға дейін айтар сөзің бар ма деген сұраққа сотталушы жоқ деп жауап берді. Сондай-ақ ол сот үкімін шығарған кезде де онша реакция білдірген жоқ.

Үкімге сәйкес, Аоба студияға таңғы 10:30 шамасында кіріп, бензин қолданып өрт шығарған. Ол кезде ғимаратта 70 қызметкер жұмыс істеген.

Сот өткен жылдың қыркүйегінде, оқиғадан төрт жылдан астам уақыт өткен соң басталды. Бұған Аоба өміріне қауіп төндіретін күйік алып, қарқынды емдеу мен оңалтуды қажет етуі себеп болған.

Kyoto Animation студиясы бүкіл әлемдегі аниме жанкүйерлері арасында ерекше шығармаларымен танымал, соның ішінде «K-On!» және «Харухи Судзумияның меланхолиясы» бар.

Соңғы жаңалықтар