Жапонияда ұлттық валютаға байланған алғашқы стейблкоин шығарылмақ

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Қаржылық қызметтер агенттігі осы күзде елдегі алғашқы ұлттық валютаға толық байланған стейблкоинді шығаруға рұқсат бермек, деп хабарлайды  жергілікті БАҚ.

Собственный стейблкоин появится в Японии
Фото: Financial Services Agency

Цифрлық активті Токионың JPYC атты финтех-компаниясы шығарады. Ол ақша аудару операторы ретінде тіркеліп, иенаға байланған стейблкоинді нарыққа ұсынбақ.

Компания алдағы үш жылда нарыққа 7 миллиард АҚШ долларына дейінгі көлемде токен шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа қаржы құралы Жапонияда күнделікті төлемдермен қатар халықаралық ақша аударымдары үшін де тиімді құрал болады деп күтіліп отыр.

Мұндай активтерге деген қызығушылық жаһандық үрдістермен байланысты. Бүгінгі таңда әлемдік стейблкоин нарығының көлемі 250 миллиард доллардан асып отыр. Оның басым бөлігі АҚШ долларына байланған. Ең ірі эмитенттер — Tether және Circle — бүгінде АҚШ қазынашылық облигацияларының ірі сатып алушыларына айналған.

JPYC компаниясының бас директоры Норитаки Окабенің айтуынша, стейблкоиндер — «мемлекеттік облигацияларды сіңіретін алып механизм».

Ол болашақта JPYC Жапонияда дәл осындай рөл атқарып, мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алатынын атап өтті.

Бұл сұраныс қарыз нарығын тұрақтандырып, пайыздық мөлшерлемелердің шектен тыс өсуіне жол бермеуге ықпал етеді.

Бұған дейін Ұлттық банк «стейблкоин» деген атаумен өз цифрлық активін шығаруды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар