Жапонияда жер сілкініп, зардап шеккендер саны артып келеді

1 қаңтар күні Жапонияда болған жер сілкінісі құрбандарының саны артып келеді. Цунами қаупі жоқ. Алайда билік өкілдері жерасты дүмпулері тағы қайталануы мүмкін екенін айтып жатыр.

Алматылықтар жер сілкінісін сезді
Фото: Anadolu Agency

Бұл туралы Kazinfrom euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Зілзала салдарынан жолдар ойылып, үйлер құлап жатыр. Жапонияның орталық бөлігінің тұрғындары 1 қаңтар күні болған 7,6 балдық жер сілкінісінен кейін енді ес жиып жатыр.

Табиғи апаттың салдарынан кемінде 55 адам мерт болды. Исикава, Ниигата, Фукуи, Тояма және Гифу префектураларына қатты зақым келді.