Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 221 адамға жетті

ТОКИО. KAZINFORM - Жапонияның орталығында болған жойқын жер сілкінісінен екі апта өткен соң қаза тапқандар саны кем дегенде 221 адамды құрады, тағы 22 адам із-түзсіз жоғалды, деп жазды NHK World-Japan.

Жер сілкінісі
Фото: Kyodo

Ресми өкілдердің хабарлауынша, жолдардың қирауы салдарынан 500-ге жуық адам сыртқы әлеммен байланыссыз қалған.

Қаза болғандардың ішінде 13 адам уақытша баспанада денсаулығының нашарлауынан қайтыс болды деп шамаланып отыр.

Жексенбідегі жағдай бойынша жүздеген эвакуациялық орталық электр қуаты мен сусыз қалды, оларда сол кезде 20 мыңға жуық адам болған.

Бұған дейін хабарланғандай, билік жер сілкінісінен үйлері қирағандар үшін уақытша баспана салуға кірісті.

Соңғы жаңалықтар