Жапониядағы қалың қардан 46 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияда соңғы үш аптада жауған қалың қар салдарынан 46 адам қаза тауып, тағы шамамен 600 адам жарақат алды, деп хабарлайды Kazinform.
Полиция мен жергілікті билік мәліметінше, өліммен аяқталған оқиғалардың басым бөлігі тұрғын үйлердің шатырларынан құлаған қар үйінділерінің астында қалу немесе қар тазалау кезінде адамдардың құлап кетуі салдарынан болған.
- Қаңтардың соңынан бері толастамаған қар солтүстік өңірлердегі елді мекендерді басып, әсіресе Жапон теңізі жағалауында көлік қозғалысын күрделендірді, - деп жазады The Japan Times.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі деректеріне сәйкес, Аомори қаласы орналасқан солтүстік өңірлік орталықта қар жамылғысының қалыңдығы 1,3 метрге жеткен.
Бұған дейін Жапонияда қуатты қарлы борандар салдарынан ондаған адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Табиғи апат 15 префектураны қамтып, ең көп зардап шеккен аудандарда қар қабатының биіктігі шамамен 2 метрге дейін жеткені айтылды.