Жапониядағы әскери полигонда жас сарбаз 2 адамды атып тастады

ТОКИО. KYODO-ҚазАқпарат – Жапонияның орталық бөлігіндегі әскери полигонда әскерге жаңадан келген сарбаздардың бірі оқ жаудырып, екі әріптесін мерт қылды, тағы біреуі жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапониядағы әскери полигонда жас сарбаз 2 адамды атып тастады
Фото: english.kyodonews.net

Полиция ақпараты бойынша, оқ жаудырған 18 жастағы сарбаз оқиға орнында ұсталып, адам өміріне қастандық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ол Гифу префектурасында оқ атуды үйреніп жатқан кезде винтовкамен жанындағыларды атқан. Қаза тапқандардың қатарында 25 жастағы ер адам бар.

Қару қолданып, күш көрсету Жапонияда сирек кездеседі, бірақ былтыр шілдеден бастап осыған ұқсас бірнеше оқиға тіркелген. Сол кезде бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэні саяси митингке наразылыққа шыққандардың бірі атты. Абэ – Жапонияда ең ұзақ премьер-министр болған тұлға. Оның өлімі елді дүр сілкіндірді.

Биылғы сәуірде премьер-министр Фумио Кисиданың сайлауалды іс-шарасы кезінде түтіндеткіш құты лақтырылған болатын.

Ал, мамырда Наганода жергілікті шенеуніктің ұлы төрт адамды өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.