Жапониядағы соңғы жер сілкінісі салдарынан жапа шеккендердің саны 900-ден асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні кешке болған соңғы жер сінкінісі салдарынан Жапонияда 900-ден астам адам жапа шекті, олардың 171 жағдайы ауыр, деп РИА Новости Кумамото префектурасының апаттар бойынша шұғыл штабына сілтеме жасап хабарлады.

Жапониядағы соңғы жер сілкінісі салдарынан жапа шеккендердің саны 900-ден асты

Бұрын 760 адам ауруханаға жеткізілгені туралы хабарланған, орталық үкімет олардың 80-і ауыр жарақат алғанын айтты.

Бейсенбі Кумамото префектурасында 6,5 магнитудалы алғашқы ірі жер сілкінісі болды. Сенбі сағат 1.25 (19.25 мск жұма) сол жерде қуаттылығы 16 есе көп 7,3 магнитудалы жер дүмпуі орын алды. Көршілер Оита префектурасында 5.3 магнитудалы жер сілкінісі болды. Кумамото және Оита префектураларында барлығы 230 астам жер сілкінісі болды. Апат салдарынан соңғы екі күнде 25 адамның қаза тапқаны расталды. Шамамен 160 мың отбасы жарықсыз қалды.