Жапониядағы сұрапыл тасқын: індет қаупі төніп тұр
Толассыз жауған жаңбыр ылғалдылығы жоғары ауа температурасына ұласып, өңірде 30 градус Цельсияға дейін ыстық басталды. Құтқарушылар апат салдарынан ағынмен үйлері шайылып кетіп, із-түссіз жоғалған ондаған адамды іздестіруде. Екі миллиондай тұрғынды эвакуациялауға тура келген. Олардың басым көпшілігі үйлеріне қашан оралатындарын да білмейді.
Соңғы деректер бойынша, 200 мыңнан астам үйде ауыз су жетіспеуде. Сондай-ақ, ауруханаларда ота жасауға мәжбүр дәрігерлер де су таппшылығын сезініп жатыр. Эвакуациялау орталықтарындағы адамдар қапырықтан қиналып, жапон басылымдары аурудың таралуының қаупі жөнінде хабар таратып жатыр.
200-ден астам адам табиғи апаттың құрбанына айналды. Премьер-министр Синдзо Абэ аталмыш жағдайдың салдарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жеке бақылауына алды.