Жапонияның экс-премьері Томиити Мураяма қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Томиити Мураяма 101 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Киодо Цусин агенттігі хабарлады, деп жазады Синьхуа.

Жапонияда парламенттің жоғарғы палатасының сайлауы өтті
Фото: Анадолы

Томиити Мураяма 1924 жылдың 3 наурызында Оита префектурасында дүниеге келген. Ол 1993 жылы Жапонияның социалистік партиясының төрағасы болып сайланып, 1994 жылғы маусымнан 1996 жылғы қаңтарға дейін премьер-министр қызметін атқарды.

1995 жылғы 15 тамызда ол министрлер кабинетінің мақұлдауымен Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 50 жыл толуына арналған мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Жапонияның «қате ұлттық саясаттың нәтижесінде соғысқа бет алғаны», сонымен қатар өз отаршылдық билігі мен агрессиясы арқылы әсіресе азиялық елдердің халықтарына үлкен зиян мен азап әкелгені айтылды.

2000 жылы саясаттан кеткеннен кейін де ол бейбітшілік ісін насихаттауды жалғастырды.

2020 жылғы 15 тамызда мәлімдемесінің 25 жылдығында ол тарихи шындықты мойындаудың маңыздылығын тағы да атап өтті. 

Томиити Мураяма өз мәлімдемесінің Жапония, Азия және бүкіл әлемде татулық, бейбітшілік пен даму жолындағы қызметін жалғастыратынына үміт білдірді.

Еске салсақ, жақында Жапонияның бұрынғы экономикалық қауіпсіздік министрі Санаэ Такаити билеуші Либералдық-демократиялық партияның жаңа төрайымы болып сайланды.

Соңғы жаңалықтар