Жапонияның Кюсю аралында жаппай эвакуация жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Аймақ үкіметі бүгін, 11 тамызда Жапонияның үшінші үлкен аралы Кюсю аумағында нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен көшкіннен кейін жаппай эвакуациялау туралы хабарлады. Бұл туралы The Japan Times хабарлады. 

Жапонияның Кюсю аралында жаппай эвакуация жарияланды
Фото: The Japan Times

Басылымның мәліметінше, Куматомо префектурасында бірнеше сағат ішінде 37 миллиметр жауын-шашын байқалған. Ондаған үйді су басып, жолдарда көліктерді су шайып, жолдар бұзылды. Бірнеше адам із-түзсіз жоғалған, қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, жалпы саны 3 миллионға жуық халқы бар аймақтарға эвакуация туралы ескерту берілген. Ең қауіпті аймақта 380 мыңнан астам адам тұрады. Құтқарушылар су басқан үйлерден өз бетімен құтыла алмаған бірнеше қарт адамды эвакуациялап үлгерді.

Ауа райының қолайсыздығы аймақтағы теміржол қатынасын да тоқтатты. Атап айтқанда, жергілікті жүрдек пойыз операторы Kyushu Railway Co. компаниясы жағдай тұрақталғанға дейін қатынасты тоқтатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, Жапонияда Синмоэ жанартауы қайта белсенділігін арттырды.

Соңғы жаңалықтар