Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы әуеде соқтығысты

крушение
Фото: 360tv.ru

АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері сенбіде Идзу аралдары маңындағы екі тікұшақ экипажымен байланыса алмағанын мәлімдеді. Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.

«Жапондық теңіз өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы Идзу архипелагының бір бөлігі Торисима аралының шығысында теңіз үстінде құлап, бір адам қаза тапты», - деп хабарлады жексенбіде елдің Қорғаныс министрі МИнору Кихара. 

Ұшақтағы тағы жеті адам із-түссіз жоғалып кеткен. 

Министрдің айтуынша, екі тікұшақ соқтығысып, құлаған болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар