Жапонияның бес танымал суретшісі ҚР Ұлттық музейіне туындыларын сыйға тартты (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейіне жапондық бес суретші өздерінің тоғыз картинасын сыйға тартты.

Бұл сый-сияпат 3-31 наурыз аралығында «Бес суретші - бес құбылыс: дәстүрлер мен жаңашылдық» көрмесі ұйымдастырылуына орай жапондық тараптың ризашылығымен табысталды.

Мията Рёхэй, Митамура Арисума, Сайто Норихико, Мизогучи Бодуко және Кавачи Кунпей секілді суретшілер елорданың өнер сүйер қауымының назарына 35 туындысын ұсынды.

Бұл көрмеде каллиграфия, нихонг көркем суреттерін, тушьпен салынған туындыларды, шағын мүсіндерді, сондай-ақ өзге де жапондық өнердің жетістіктерін байқауға болады.

ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай көрмеге Жапонияның өнердегі үздік шеберлерінің туындылары ұсынылған атап өтті.

«Бұл көрмені мәдени диалогтың бастауы, елдеріміз мәдениеттерінің жақындасуы ретінде бағалап отрымыз. Өз кезегінде Қазақстан да Жапонияның көрме алаңдары мен музейлерінде еліміздің суретшілерін таныстыра алады», - деді ол.

Сыйға тартылған 9 картинаның арасында жапондық ЖОО ректоры Мията Рёхэйдің де еңбегі бар. Сонымен қатар ол «Токио-2020» Олимпиадалық ойындары ұйымдастыру комитетіне басшылық етуде.

Айта кетейік, бұл көрмені ұйымдастыруға Жапон қоры, Суретшілердің Азия-Тынық мұхиттық қауымдастығы, Жапонияның Қазақстандағы Елшілігі қолдау жасады.
null null null null

Соңғы жаңалықтар