Жапонияның Осака қаласындағы өрттен қаза тапқандар саны 25-ке жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияның батысындағы Осака қаласындағы емханада 17 желтоқсанда болған өрттен қаза тапқандар саны 25-ке жетті, деп хабарлады NHK телеарнасы сейсенбі күні.
Бұған дейін 24 адам құрбан болғаны хабарланған. Дүйсенбіге қараған түні ауыр халде жатқан жас әйел қайтыс болды. Тағы үш адам, соның ішінде өрт қойды деген күдікпен 60 жастағы ер адам жарақат алып, ауруханада жатыр.
Өрт қаладағы кеңсе ғимараттарының бірінің төртінші қабатындағы емханада болған. Бейнебақылау камерасына аталмыш емханада емделіп жатқан ер адамның лифт пен кіреберіс есіктің жанына жанармай төгіп, оны оттықпен өртеп жібергені түсіп қалған. Өрт бөлмеден шығатын жалғыз жолды жауып тастады. Сонымен қатар, күдікті адамдардың қашып кетуіне жол бермей, өткелді жауып тастаған.
Тергеу барысында күдіктінің үйінен 36 адамның өліміне себепші болған Киотодағы Kyoto Animation анимациялық компаниясының студиясын өртеу туралы екі жыл бұрынғы газет мақалаларының қиындылары табылған. Полиция ер адам тап осы қылмысты қайталамақ болған деп есептейді.