Жапонияның солтүстігінде жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Жапонияның солтүстік бөлігіндегі Хонсю аралында магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат берілмей отыр.
Жапония ұлттық метеорологиялық басқармасының мәліметтеріне қарағанда, цунами қаупі төніп тұрған жоқ.
Зілзала кіндігі Иватэ префектурасы аумағында, ал ошағы 90 шақырым тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпуін осы елдегі 47 префектураның 11-інің тұрғындары сезінді.