Жапонияның жетекші Kyodo News ақпараттық агенттігі «ҚазАқпаратты» 95 жылдығымен құттықтады

-ТОКИО-АСТАНА. ҚазАқпарат - Kyodo News Президенті Масаки Фукуяма (Masaki Fukuyama) «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Дәурен Дияровты және агенттік ұжымын 95 жылдығымен құттықтады.
None
None

Құрметті Дәурен Дияров!

Kyodo News ұжымының атынан «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігін 95-жылдық мерейтойымен құттықтауға рұқсат етіңіз!

Сіздің агенттік Қазақстан өмірінің саяси, экономикалық, спорттық және басқа да салаларында сенімді де тиімді ақпарат көзі болып табылады.

Осыған байланысты, біздің агенттік ақпарат алмасу мақсатында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту туралы меморандумға қол қойды, ҚазАқпараттың 95 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқанына қуаныштымын.

Қол қойылған меморандум аясында «ҚазАқпарат» агенттігі мен Kyodo өз хабарламалары арқылы екі елдегі өзара түсіністікті тереңдету мақсатында достық пен ынтымақтастық қатынастарды дамыта беретініне сенімдімін.

Сізге және «ҚазАқпарат» агенттігінің ұжымына табыстар тілеймін, Сіздің басшылығыңызбен компания одан әрі жетістіктерге жете беруіне тілектеспін.

Құрметпен,

Масаки Фукуяма (Masaki Fukuyama)

Президент Kyodo News

Соңғы жаңалықтар