Жаппай еңбек ететін елде кедейлік болмауы тиіс - В.Косарев

Айта кетерлігі, пікірсайыс ережесіне сәйкес, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қарсыластарына, соның ішінде ҚХКП өкіліне сұрақ қойған болатын. «Сіздердің партияларыңыз байларға, ауқатты азаматтарға қарсы шығып жүр. Біз, керісінше, кедейлікті жеңу керек деп ойлаймыз. Кіл кедейлер тұратын елде мемлекетті қалай құрмақсыздар?» - деді Азат Перуашев.
Өз кезегінде Коммунистер партиясының өкілі Владислав Косарев жаппай еңбек ететін елде кедейлік болмауы тиістігін, сонымен бірге, барлық еңбеккерлердің есебінен бір ғана санаттар байып шықпауы тиістігін алға тартты. «Қоғамның тұтастай еңбегі әрбір азаматқа үлесіне қарай теңдей берілетін болғанда, ол мемлекет бақытты бола бастайды деп санаймын. Бізде кейбіреулер тақыр жерден миллиардер болып байып шыға келеді. Қайдан? Қалайша? Бізге даму бағытын бұрып, басты назарды адамға, оның жайлы өміріне аудару қажет. Қоғамға тиесілінің бәрі сол қоғамдағы азаматтардың бәріне де тиесілі болуы керек», - деді В. Косарев.