Жапсарбай Қуанышев Қазмедиаорталықтың бас директоры болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ның жаңа бас директоры болып Жапсарбай Ілиясұлы Қуанышев тағайындалды, бұдан бұрын ол ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
None
None

Бұл туралы компания сайтында хабарланды.

Атап өтсек, бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Ж. Қуанышев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Соңғы жаңалықтар