Жараланған Шекара қызметінің офицері көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жараланған ҰҚК Шекара қызметінің офицері көз жұмды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Шығыс» өңірлік басқармасы офицерінің оқ жарақатынан қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Осы оқиға бойынша Алматы гарнизоны әскери прокуратурасы, оңтүстік өңір бойынша ҚР ІІМ ӘТБ, сондай-ақ өзара іс-қимыл жасасушы органдарға ақпарат берілген.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.