Жаратылыстану-математика бағытында мұғалімдер арасындағы байқау жеңімпаз-жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды - БҚО

ОРАЛ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жаратылыстану-математика бағытында мұғалімдер арасындағы облыстық байқау жеңімпаз-жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.
None
None

Облыстық білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, математика пәні бойынша дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені мұғалімі Серік Қазиханов, физикадан Орал қаласындағы №41 орта мектептен Қанат Бисеков, географиядан Оралдағы №7 орта мектептен Ольга Галкина, биологиядан №34 мектеп-гимназиядан Тамара Батырова, химиядан №3 орта мектептен Гүлсім Қиматова, информатикадан С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінен Жеңіс Шоңбаев бірінші жүлделі дипломмен, Notebok Acer бағалы сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ екінші орынды иеленгендерге дипломға қоса фотокамера, үшінші жүлдегерлерге үтік табыс етілді. Сонымен қатар байқауға қатысушы барлық мұғалімдерге сертификаттар тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар